ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Бейбітшілік және Келісім Сарайы

Мекен жай: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,Тәуелсіздік даңғылы 57

Ресми сайты: www.astana-piramida.kz

 
Купить билеты
 

Бейбітшілік және Келісім Сарайы Қазақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастық тың белгісі. Елордада Пирамида тәріздес сарайды салу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы. Жоба авторы белгілі ағылшын архитекторы Норман Фостер. Елордада Пирамида тәріздес сарай бой көтерсе, әрі онда түрлі ұлт, дін өкілдері бас қосып, барша адам затты бейбітшілік пен жақсылық қажетелей тіншешімдер қабылдаса деген идеяны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлідін дербасшыларының І-ші съезінде ұсынған болатын. Мемлекет басшысының идеясы съезге әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған түрлі конфессиялардың көшбасшыларының үлкен қолдауын тапты. Әлемніңең жас елордасы Астана қаласында 2006 жылы қайта қауышқан съезд делегаттары екінші бас қосуын жаңа, бірегей ғимарат – Бейбітшілік және Келісім Сарайында өткізді. Пирамиданың негізі 62×62м, биіктігі 62 м. Ғимараттың сыртқы беті ішкі бейнені көрсететін әйнек және тасплиталармен қапталған, ал пирамиданың төбесі, яғни күмбезі – елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерін суреттейтін 130 ақ көгершін бейнеленген нағыз өнер туындысы атақты суретші Брайн Кларктың витражымен безендірілген. Жаңа сарайдың салтанатты ашылу рәсімінде әлемнің классикалық музыкасының жарық жұлдызы Монсеррат Кабалье өнерін пашетті. Сарай ішінде 1302 орынға арналған Опера залы, Atrium салтанат залы, «Бесік» конференция залы, көрме алаңдары, «Құланшы» галереясы, баспасөз орталығы, Астана қаласының этникалық мәдени орталықтары, Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығы, Түркі әлемінің академиясы орналасқан. 2009 жылдың 13 шілдесінде Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес «Бейбітшілік және келісім сарайы» Мемлекеттік коммуналдық азыналық кәсіпорны құрылды. Сарай демалыс күндерінсіз жұмыс істейді. Экскурссиялар үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.

Мюзикл Open
Фестиваль Open
Балет Open
Мюзикл Open
Опера Open
Көрме Open
  • 1