Кешенді бағдарлама

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Комплексная программа культурно-зрелищных мероприятий специализированной выставки ЭКСПО-2017

Пласидо Доминго опералиясы халықаралық жас вокалистер байқауының ақтық мәресі

Промо ролик:

Өтетін орыны: «Астана Опера» театры

Күні: 24- 29 шілде

Уақыты: 16:00

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

Ұлы опера әншісі әрі дирижер Пласидо Доминго негізін қалаған вокалшылардың дүние жүзіндегі ең беделді «Опералия» байқауы Қазақстанда алғаш рет өтеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2017 жылдың 24 мен 29 шілдесі аралығында «Астана Опера» сахнасында жүретін Опера өнерінің дүниежүзілік конкурсы, жиырма бесінші рет ұйымдастырылғалы тұр.

«Опералия» байқауына 18 бен 32 жас аралығындағы кез келген әнші (бас даусынан бастап, сопраноға дейін) қатыса алады. Астанаға дүние жүзінің түкпір-түкпірінен 40 жуық дарынды вокалшылар келеді. Алдын-ала іріктеу электрондық өтініш бойынша 2016 жылдың желтоқсанынан бастап, 2017 жылдың ақпанына дейін жүрді. Байқау үш кезеңнен тұрады және маэстро Домингоның «Астана Опера» Симфониялық оркестріне жетекшілік етуімен өтетін жеңімпаздардың гала концертімен аяқталады.

«Опера королі» және «қазіргі заманның көрнекті опера әртісі» атанып кеткен Пласидо Доминго, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас әншілерге үнемі ерекше көңіл бөледі, себебі өнер жолының бастауында кездесетін қиыншылықты талай өз басынан кешірді.

- «Опералиядағы» менің міндетім үздік дауыстарды іріктеп қана қоймай, болашақта нағыз әртіс шығуы мүмкін деген ерекше, мінезді, актерлық шеберлігі бар әншілердің талантын ашу. Осындай жастар нағыз жұлдызға айналады, – дейді маэстро Доминго.

Жалпы жүлде қоры 180 000 АҚШ долларын құрайды. Ерлер мен әйелдер даусы арасында 1, 2 және 3 сыйлық иелерін марапаттаумен қатар, жүлделер қатарында Р. Вагнер және Р. Штраустың репертуарынан операны үздік орындаған үшін Б. Нильсонның сыйлығы, үздік орындалған сарсуэлалар үшін (испандық опереттаға жақын сахналық-музыкалық жанр) Пепита Эмбил де Доминго мен үлкен Пласидо Домингоның сыйлығы және көрермен көзайымының жүлдесі және т.б. бар.

Алғаш рет әйгілі Гранд-опера сахнасында өткен конкурстың негізі 1993 жылы Парижде қаланғанын еске сала кетейік. Содан бері «Опералия» жыл сайын түрлі елдің ең әйгілі алаңдарында өткізіліп келеді. Олардың қатарында – аңызға айналған миландық Ла Скала, Лондондағы «Ковент-Гарден», Корольдік театр (Мадрид, Испания), Филармонико театры (Верона қ., Италия) және т.б. Өткен жылдары «Опералияда» жеңіске жетіп, асқақ өнерге жолдама алған әлемдік опера сахнасының бүгінгі жұлдыздары – Джойс Ди Донато, Роландо Виллазон, Эрвин Шротт, Соня Йончева, Нина Штемме, Хосе Кура, Джозеф Каллея, Инва Мула және басқалары.

Пласидо Домингоның бүкіләлемдік опера әншілеріне арналған «Опералия» байқауын «Rolex» компаниясы ұсынады.

Байқаудың талабымен және жаңалығымен Опералия сайтында (http://www.operaliacompetition.org/) танысуға болады.

Демеушілер:


 

Бөлісу: