ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Astana Ballet EXPO GALA

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Астана Балет» театры

Күні: 23 маусым

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 2 сағат

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

«Астана Балет» театры «Астана Балет ЕХРО GALA» бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарламаға бір актілі «Love Fear Loss/Махаббат Үрей Айырылу», «Кармен», «A Fuego Lento/Баяу жалын» атты бір актілі балеттер және ұлттық стильде қойылған «Арулар», «Әсем қоңыр» хореографиялық миниатюралар еніп отыр.

«Әсем қоңыр»

Хореографиялық миниатюра

Музыкасы Д. Нұрпейісованікі

Қоюшы-хореограф Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Тәти

Костюм суретшісі – С. Бағдат

«Махаббат Үрей Айырылу»

Бір актілі балет

Музыкасы: Э. Пиаф, Ч. Думонт, Ж. Брельдікі

Хореограф, сценограф, жарық қоюшы, костюмдер - Рикардо Амаранте

Балет Эдит Пиафтың ғажайып музыкасы мен ғаламат өмірінің әсерінен мән алған. Мұндағы әрбір па-де-де іңкәрлік, махаббат, үрей мен айырылысуға толы. Оның музыкасы өмірінің айнасы еді. Шығармашылық жолының бастауында махаббат жайлы әндері әлемді табындырған болатын. «Махаббат ұраны» атты әні іңкәр сезімге бөленген жанның бойындағы сезімдерді паш етеді.

«Арулар»

Хореографиялық миниатюра

«Тұран» этно-фольклорлық топтың музыкалық композициясы

Қоюшы-хореограф Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Тәти

Костюм суретшісі – М. Жұмағалиев

«Кармен»

Ж.Бизе – Р. Щедрин музыкасына қойылған бір актілі балет-фантазия

Қоюшы-хореограф, либретто авторы – Мукарам Авахри

Сценография мен костюмдер – Ольга Шаишмелашвили

Жарық суретшісі – Денис Солнцев

Бейнебезендіру – Вадим Дуленко

«Карменде» Проспер Мерименің осы аттас новелласының өзіндік версиясы ұсынылған. Спектакльге қатысатын бес балеринаның әрқайсысы әйел тағдырының бір қырын ашып, ал, оның бәрі тоғысқанда бұл әйел жалғыздығының трагедиясы жайлы әңгімеге айналады.

«Баяу жалын»

Музыкасы Л. Шифрин, А. Пьяццолла, К. Гарде́ль және С. Косугидікі

Хореограф, сценограф, жарық қоюшы, костюмдер - Рикардо Амаранте

Махаббатты енді ғана сезіне бастаған тұста, жаныңыз бен тәніңіз ғашығыңызды қалап, қауіп пен эмоционалды сезім буырқанған сәтте – ішіңізден от болып лаулайсыз. Әр адам үшін күллі әлем ғашығының ілтипатынан артық емес, өмірінің мәні – махаббат.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Спорттық іс-шаралар 29.07.2017
Спорттық іс-шаралар 09.09.2017
Спорттық іс-шаралар 27.08.2017
Спорттық іс-шаралар 16.08.2017
Спорттық іс-шаралар 11.08.2017
Концерт Open

Бөлісу: