ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Astana Ballet EXPO GALA

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Астана Балет» театры

Күні: 18 тамыз, уақыты: 19:00

Билеттерді сатып алу

Күні: 19 тамыз, уақыты: 18:00

Ұзақтығы: 2 сағат

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

«Астана Балет» театры «Астана Балет ЕХРО GALA» бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарламаға отандық және шет елдік хореографтар қойған Театр репертуарының үздік қойылымдарынан үзінділер еніп отыр. Ең бастысы, заманауи қазақстандық балет өнерінің қыр-сырын көрсетуге күш салынды.

Концерттің бірнші бөлімде Э. Пиаф, Ч. Дюмонт және Ж. Брельдің музыкасына бельгиялық хореограф Рикардо Амаранте “Love Fear Loss”(Махаббат Үрей Айрылу) атты бір актілі балет көрсетіледі.

Балет Эдит Пиафтың ғажайып музыкасы мен ғаламат өмірінің әсерінен туған. Мұндағы әрбір па-де-де іңкәрлік, махаббат, үрей мен айырылысуға толы.

Екінші бөлімде көрермендердің назарына «Ұлы дала мұрасы» атты бағдарламасы ұсынылады. Бұл бағдарлама хореографиялық миниатюра сипатында құрылған. Әрқайсысы Ұлы даланың бойында орын алған оқиға жайлы баяндап береді. Бағдарламаның әр нөмірі стилистикалық ерекшелігімен, хореографиялық суреті және пластикасымен қызықты. Мұның бәрі бейнелі-көркем әсерлермен толықтырылып, ұлттық хореография мен неоклассика мәнерінде жасалған шағын ғана спектакль іспетті.

Үшінші бөлімде көрермендерге ХекельТаварестің музыкасына қойылған бір актілі “Gaia” балеті көрсетіледі. Қоюшы-хореограф, жарық пен костюм суретшісі – Рикардо Амаранте.

Gaia – заманауи хореография тілімен баяндалған Жер шары жайлы, жаныңды тебірентер оқиға.Gaiaсу, жер, от және ауа сынды төрт тағаннан тұратын Жердің бейнесі. Алайда, Жер бетіндегі тіршіліктің тынысын айғақтайтын тағы бір таған бар, бұл - орман. Осы бес тағанның әрқайсысы жер шарындағы тіршіліктің кепілі. Олар біртұтас, сол себепті,ғашық әрі күшті, нәзік әрі қамқоршы Жер Тәңіриясының негізін құрайды.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Концерт Open
Спорттық іс-шаралар 29.07.2017
Спорттық іс-шаралар 09.09.2017
Спорттық іс-шаралар 27.08.2017
Спорттық іс-шаралар 16.08.2017
Спорттық іс-шаралар 11.08.2017

Бөлісу: