Кешенді бағдарлама

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Комплексная программа культурно-зрелищных мероприятий специализированной выставки ЭКСПО-2017

Astana Ballet EXPO GALA

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Астана Балет» театры

Күні: 25 тамыз, уақыты: 19:00

Күні: 26 тамыз, уақыты: 18:00

Ұзақтығы: 2 сағат

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

«Астана Балет» театры «Астана Балет ЕХРО GALA» бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарламаға отандық және шет елдік хореографтар қойған Театр репертуарының үздік қойылымдарынан үзінділер еніп отыр. Ең бастысы, заманауи қазақстандық балет өнерінің қыр-сырын көрсетуге күш салынды.

Концерттің бірнші бөлімде Л. Шифрин, А. Пьяццолла, К. Гарде́ль және С. Косугидің музыкасына бельгиялық хореограф Рикардо Амаранте «БАЯУ ЖАЛЫН» (A FUEGO LENTO) атты бір актілі балет көрсетіледі.

Махаббатты енді ғана сезіне бастаған тұста, жаныңыз бен тәніңіз ғашығыңызды қалап, қауіп пен эмоционалды сезім буырқанған сәтте – ішіңізден от болып лаулайсыз. Әр адам үшін күллі әлем ғашығының ілтипатынан артық емес, өмірінің мәні – махаббат.

Екінші бөлімде көрермендердің назарына «Ұлы дала мұрасы» атты бағдарламасы ұсынылады. Бұл бағдарлама хореографиялық миниатюра сипатында құрылған. Әрқайсысы Ұлы даланың бойында орын алған оқиға жайлы баяндап береді. Бағдарламаның әр нөмірі стилистикалық ерекшелігімен, хореографиялық суреті және пластикасымен қызықты. Мұның бәрі бейнелі-көркем әсерлермен толықтырылып, ұлттық хореография мен неоклассика мәнерінде жасалған шағын ғана спектакль іспетті.

Бағдарлама “Diversity” (Алуан-түрлі би) атты бір актілі балетімен аяқталады. Қоюшы-хореограф - Рикардо Амаранте. Сценография, костюмдер, жарық қоюшы – Рене Салазар.

"Diversity" қойылымы көрермен қауымға балеттің ғажайып әлеміне серуен құруға мүмкіндік береді. Уақыт музыкалық сүйемелдеуді де, костюмдер мен бишілердің қимылын да өзгерткенімен, мәңгі жас өнер бұған дейінгі дәуірлердің романтизмін сақтай білді. Неоклассиканың күрделі элементтерімен байып, жаңа стиль, динамика мен заманауи кейіпке енді, ал, мұның өзі Алуан түрлі қоршаған ортамызға тән дүние.

 
 

Бөлісу: