ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

«Достар серті» мюзиклі

 

 

Өтетін орыны: Бейбітшілік және Келісім Сарайы

Күні: 1-10 қыркүйек

Уақыты: 19:00

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

«Достар серті» - бірыңғай қазақстандық өнім: ол шетел мамандары мен әртістерінің қатысуынсыз жасалған. «Достар серті» мюзиклі жарқын, өткір ойлы, қабылдауға жеңіл спектакль туындады. Алайда сюжетте кейбір мұңды «ноталар» баршылық, бірақ бұл өмірдің жарқын мәнін одан сайын баса айту үшін жасалған.

«Достар серті» мюзиклінің негізінде төрт жас жігіттің достық тарихы жатыр, бұл туралы көрермен туынды кейіпкерлерінің бірі 63 жасар Мараттан естиді. Оның монолог-естеліктері спектакльдің сюжеттік желісін құрайды және көрерменді өткен ғасырдың 70-жылдарына алып барады. Сол заманның үлгісі бірегей әрі жарқын берілген. Танымал ретро-хит әндер сюжетке үйлесімді орайластырылған. Олар атақты қазақстандық композиторлар Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Ескендір Хасанғалиев, «Дос-Мұқасан» ВИА репертуарындағы халықтың сүйікті әндері. Одан басқа мюзиклде «Битлз» тобының туындылары («Girl», «Can't buy me love») мен тиісті музыкалық стилистикада жасалған Артур Оренбургскийдің авторлық вокалдық, аспаптық композициялары пайдаланылған.

Жанры бойынша «Достар серті» - мөлдір махаббат пен шынайы ерлер достығы туралы лирикалық комедия. Қарапайым сюжеттің қилы сәттері үдемелі динамикамен өрбиді және туындының шарықтау шегімен тұспа-тұс келетін дәстүрлі бақытты соңымен түйінделеді.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Спорттық іс-шаралар 29.07.2017
Спорттық іс-шаралар 09.09.2017
Спорттық іс-шаралар 27.08.2017
Спорттық іс-шаралар 16.08.2017
Спорттық іс-шаралар 11.08.2017
Концерт Open

Бөлісу: