Кешенді бағдарлама

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Комплексная программа культурно-зрелищных мероприятий специализированной выставки ЭКСПО-2017

«Академия солистов» мемлекеттік камералық оркестрінің концерті

 

 

Өтетін орыны: «Қазақстан» орталық концерт залы

Күні: 20 тамыз

Уақыты: 18:00

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

«Академия солистов» мемлекеттік камералық оркестрі – Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық ұжымы, 1991 жылы Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Белградтағы (1976), Генуядағы Паганини атындағы (1981), Токиодағы (1983), Хельсинкидегі Сибелиус атындағы (1985), Мәскеудегі Чайковский атындағы (1986) халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры, әлемге танымал скрипкашы, оркестрдің көркемдік жетекшісі Айман Мұсақожаеваның бастамасымен құрылды.

Оркестрдің бас дирижері – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсақожаева. «Академия солистов» оркестрінің құрамында – асқан шебер техникаға, мол дыбыс алуандығына, ансамбльдің нәзік сезіміне ие және камералық музыкамен әуестенудің үздік әлемдік дәстүрлерін дамытатын жоғары кәсіби музыканттар, халықаралық конкурстардың лауреаттары бар. Әр музыкант ұжымның жетістігіне өз үлесін қосуда.

Оркестр түрлі дәуір мен стильдердің туындыларын орындайды, барокколық, классикалық және қазіргі заманғы музыканы түрлендіру өнеріне ие. Ұжым шығармашылығындағы маңызды орында ұлттық әуендер, қазіргі заманғы қазақ композиторлары Т.Қажғалиев, А.Серкебаев, Ж.Дастеновтың туындыларын орындау, сонымен қатар халық әндері мен күйлерінің оркестрлік өңдеуі бар (күй – ұлттық домбыра немесе қобыз аспабына арналған аспаптық пьеса).

«Академия солистов» оркестрі Қазақстанның музыкалық өнері мен орындаушылық дәстүрін шетелде абыроймен таныстырып, халықаралық мәдени байланысты дамытуда.

 
 

Бөлісу: