Кешенді бағдарлама

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің WBC 55-Конвенциясы

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Radisson SAS» отелі

Күні: 31 тамыз - 9 қыркүйек

Кіру тегін

Сипаттама:

WBС елу бесінші Конвенциясы 2017 жылы 31 тамыздан 9 қыркүйекке дейін Астана қаласында өтеді. Бұл шараның негізгі бөлігі елордадағы «Radisson SAS» қонақ үйінде ұйымдастырылады. Конвенция аясында кәсіпқой бокстан Қазақстан және әлем боксы жарық жұлдыздарының қатысуымен Бокс кеші де өтеді. Кәсіпқой бокс кешіндегі негізгі жекпе-жекте WBС тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Бокс кеші Астана ЭКСПО 2017 көрмесі аумағында ұйымдастырылады, әрі оны әлемнің 40-тан астам елі тамашалай алатын болады. WBС елу бесінші Конвенциясына 500-ге тарта делегат қатысады: WBС директорлар кеңесі, қазіргі әлем чемпиондары мен осы атақтан үміткерлер, төрткіл дүниеге танымал қайраткерлер, менеджерлер және промоутерлер, WBC төрешілері алқасы мен супервайзерлері, сондай-ақ медицина саласы мен еріктілер (волонтерлер) ұйымы спикерлері. Күтіп отырған қонақтар арасында әлемнің суперчемпиондары да бар, атап айтқанда: Шугар Рей Леонард, Марвин Хаглер, Майк Тайсон, Леннокс Льис, Эвандер Холифил, Виталий және Владимир Кличколар, Костя Дзю, Мэнни Пакьяо, Василий Ломаченко, Александер Поветкин, Амир Хан, Хуан Мануэль Маркез, Рой Джонс, Роберто Дюран, Хулио Цезарь Чавес, Лэйла Али, Джо Кальсаге және Геннадий Головкин.

 
 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Көрме 21.07.2017
Көрме 10.06.2017
Бал 01.07.2017
Спорттық іс-шаралар 21.08.2017
Спорттық іс-шаралар 01.07.2017
Опера 05.07.2017

Бөлісу: