Кешенді бағдарлама

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Комплексная программа культурно-зрелищных мероприятий специализированной выставки ЭКСПО-2017

«Ежелгі Мысыр ескерткіштері» көрмесі

Промо ролик:

Өтетін орыны: ҚР Ұлттық музейі

Күні: 23 маусым - 3 тамыз

Уақыты: 15:00

Ұзақтығы: 3 ай

Билеттерді сатып алукүн

Сипаттама:

2017 жылғы 23 маусым мен 3 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астанадағы Халықаралық мамандандырылыған «ЭКСПО-2017» көрмесіне орайластырылып «Ежелгі Мысыр ескерткіштері» көрмесі өтеді.

Көрменің мақсаты: келушілерді Мысырдың тарихы мен мәдениетімен таныстыру.

Көрме аясында Тутанхамон топтамасы заттарының: жартылай асыл тастармен әшекейленген фараонның алтын жалатылған ағаш күймесі, жартылай асыл тастармен әшекейленген алтын жалатылған ағаш тағы, сыртқы саркофагы, садақаларымен қыз мүсіні және жартылай асыл тастармен әшекейленген алтын жағаның көрсетілуі жоспарланған.

Мысырдың бай тарихы династиялыққа дейінгі кезеңнен бастап орта ғасырға дейінгі аралықтағы әртүрлі тарихи кезеңдердің бұйымдары мен жәдігерлерінде бейнесін табады.

Династиялыққа дейінгі кезең Ежелгі Мысырдағы иероглиф жазуының пайда болуының үлгісі саналатын фараон Нармердің Палеткасымен таныстырылады.

Ежелгі патшалық кезеңі мысырлық кеңсе хатшысының мүсіні, бедерлі суреттері бар Хесир тақтайшалары және Гор (Аспан) құдайын кейіптейтін қаршығаның басы арқылы таныстырылады.

Орта патшалық кезеңі оның билігі кезінде Мысыр шекарасы әлдеқайда кеңейген 12 династияның ата-бабасы саналатын Сенусерт 1 фараонның боялған ағаш мүсіні арқылы көрсетіледі.

Грек-рим кезеңі римдік әйел басының мүсіні арқылы, ал копт кезеңі осы кезеңге тән икон жазумен және портреттік сурет өнерімен таныстырылады.

Әсем жазулармен безендірілген шырағдан және гүл өрнектерімен безендірілген фарфор табақ жәдігерлері Ислам кезеңін жабады.

 
 

Бөлісу: