ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

«Бейбарыс сұлтан және оның дәуірі» көрмесі

 

Өтетін орыны: ҚР Ұлттық музейі

Күні: 10 маусым - 10 тамыз

Ұзақтығы: 2 ай

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

2017 жылғы 10 маусымдан 10 тамызға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Астанадағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне орайластырылған «Бейбарыс сұлтан және оның дәуірі» көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

Көрменің мақсаты: келушілерді Мысыр мен Сирияға билік жүргізген мәмлүк сұлтаны Бейбарыс сұлтанның өмірімен және тарихымен таныстыру.

Жалпыға бірдей қабылданған нұсқа бойынша Бейбарыс (1223 немесе 1225-1277) Қара теңізден солтүстікке қарай «Дешті Қыпшақта» (Қыпшақтар даласы) дүниеге келген. XIV ғасырдағы Мысыр тарихшысы әл-Айни өзінің «Икду аль-джуман фи тарих ахл аль-азман» еңбегінде: «Бейбарыс бин Абдулла қыпшақ нәсілінен» деп жазады. Ән-Нувайридың мәліметтері бойынша, Бейбарыс түркі жұртынан қыпшақтың Елбөрілі тайпасынан шыққан.

Бейбарыс тақта 17 жыл (1260-1277 жж.) отырды. Бейбарыс билік құрған жылдары Мысыр қуатты мемлекетке айналды. Арналар, кеме жасау верфтері, елдің шекараларында әскери бекіністер, Каирде сарайлар мен мешіттер салынды, қолөнері, егіншілік, ғылым, сауда, өнер дамыды.

Бейбарыс сұлтан Палестина мен Сирияда Ирандағы моңғол елхандарына және еуропалық кресшілерге тойтарыс берген соғыстарымен танымал. Халық Абуль-Футух (Жеңістердің атасы) деп ардақтаған Бейбарыс Шығыстың көрнекті қолбасшысы.

Көрмеге Бейбарыс сұлтанның өмірі мен ел билеу тарихын баяндайтын Ислам өнері музейі (Каир қ., Мысыр) жинағынан жәдігерлер қойылады.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Спорттық іс-шаралар 29.07.2017
Спорттық іс-шаралар 09.09.2017
Спорттық іс-шаралар 27.08.2017
Спорттық іс-шаралар 16.08.2017
Спорттық іс-шаралар 11.08.2017
Концерт Open

Бөлісу: