ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

«Қазақ операсының аңыздары» концерті

 

 

Өтетін орыны: ЦКЗ «Казахстан»

Күні: 9 шілде

Уақыты: 18:30

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

2017 жылдың 9 шілдесі қазақстандық опера өнері үшін тарихи күн болмақ. Өнерді бағалайтын өресі биік тыңдарман опера саласының жұлдыздарымен кездеседі. Ең бастысы, олар әсем ән тыңдап қана қоймай, опера әншілерінің құнды мұрасы жинақталған антологиямен танысады. ЭКСПО–2017 көрмесі аясында «Қазақ операсының аңыздары» атты коммерциялық емес концерт-презентациясы өтеді.

Классикалық опера өнері кез-келген мемлекеттің мәдени-рухани өмірінің күре тамыры десек болады. Қазақстандық опера сахнасында ұлт мақтанышына айналған, келер ұрпаққа үлгі болған тұлғалар аз емес. Олардың аты тарихта алтын әріптермен жазылды.

Бұл жобаның басты ерекшелігі – опера тарихында ойып тұрып орын алатын тұлғалар туралы архивтерден алынған құнды деректер, фотосуреттер мен олардың дауысы жазылған видеоматериалдар сандық технологияға көшіріліп, CD, DVD дисктерге жинақталды. Атап айтқанда Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Ришат Абдуллин, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, Әлібек Дінішевтің шығармашылық мұраларына арналып жеке-жеке буклеттер дайындалды. Яғни, бір ғана антологиялық жинақта жеті бірдей қазақстандық опера өнерінің шеберлері, КСРО халық артистерінің өмір-дерегі, шығармашылығы қамтылды. Жан-жақта шашылып жүрген құнды дүниелер жинақталды. Антология опера әншілерінің әндері жазылған 7 аудиодисктен (әр орындаушыға бір дисктен) және олардың концерттік, өзге де видеолары бар 7 DVD-диск пен буклеттен тұрады.

Жобаны ұйымдастырушы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Мирас» қоғамдық ұлттық мәдени қоры» Қоғамдық қоры. Ақпараттық демеуші – KAZAKH TV және СТВ телеарналары. Жоба авторы – КСРО халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова.

Әрине, жобаның негізгі мақсаты опера әншілерінің шығармашылығын түгендеп, жас ұрпаққа классикалық музыканы насихаттау. Тарихи миссиясы да бір бөлек. «Мұндай жоба елімізде бірінші рет жасалып отыр. Бұған дейін опера әншілерінің барлығының бірдей шығармашылығы мен суреттері, әндері бір антологияға жинақталған емес. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген бар. Сол себепті осы кем-кетіктің орнын толтырғымыз келді», - дейді КСРО халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова.

Жобаның халықаралық маңызы да жоғары. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі шеңберінде ұйымдастырылған «Қазақ операсының аңыздары» жобасы тәуелсіз Қазақстанды әлемдік деңгейде өзгелерге таныстырудың, танытуға ықпал етеді.

Антология тұсаукесерімен бірге көрнекті әншілердің қатысуымен концерт өтеді. Концертке қатысушылар: Кеңес Одағының халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Әлфия Каримова, Талғат Мұсабаев, Тамара Асар, Андрей Трегубенко, Жұпар Ғабдуллина. Халықаралық конкурстардың лауреаты – Рустам Сүлейманов. Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі. Көркемдік жетекшісі – Берік Батырханұлы, дирижеры Ерболат Ахмедьяров. Олар аңыз тұлғалардың өнер теңізіндегі желкенді кемесіне айналған танымал туындыларын орындайды.

Осылайша ЭКСПО-2017 көрмесінде қазақстандық классикалық музыка кеші еліміздің беделін айқындай түспек.

Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 707 345 64 91

 

 

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Балет Завершено
Концерт Завершено
Спорттық іс-шаралар Завершено
Спорттық іс-шаралар Завершено
Спорттық іс-шаралар Завершено
Спорттық іс-шаралар Завершено

Бөлісу: