ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Дж. Вердидің «Травиата» операсында Пласидо Домингоның өнер көрсетуі

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: Театр «Астана Опера»

Күні: 1, 3 тамыз

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 2 сағат 50 минут (2 үзіліс)

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

«Травиата» операсының сюжеті Александр Дюманың (кіші) «Камелия ұстаған ханым» романынан алынған.ЛибреттоавторыФранческо Мария Пиаве.

Верди қоғам қабылдамаған әйелді өз операсының кейіпкері етіп жасады; Сазгер мұны опера атауында арнайы атап көрсетті («Травиата» – итальянша – азғын, адасқан). Сазгер Виолеттаның адамгершілігі мен жан сұлулығын бейнелеп қана қоймай,өзін қоршаған жеңілтек ортадан және ақсүйек қоғамның ізгілікті өкілі, Альфредтің әкесі–Жорж Жермоннан артықшылығын көрсетті.

Әлеуметтік теңсіздік құрбанына ыстық аяушылық білдіру, екіжүзділік моральді аяусыз мінеу, опера сахнасында заманауи өмірді көрсету – осының бәрі қалыптасқан дәстүрді бұзып, 1853 жылдың 6 наурызында Ла Фениче театрында өткен тұсаукесердегі опера сәтсіздігінің басты себебі болды.

Бірақ, Верди опера табысына сенді. Бір жылдан соң венециялық Сан-Бенедетто театрында көрермендерге үйреншікті XVIII ғасырдың костюмдерінде көрсетілген «Травиата» табысқа жетеді – сонымен оның күллі әлемнің опералық театрларына салтанатты шеруі басталды. Ал, Виолеттаның партиясы барлық ұрпақ өкілдері примадонналы үшін сүйіктісі болды: Аделина Патти (1843-1919), Роза Понсель (1897-1981), Рената Тебальди (1922-2004), Мария Каллас (1923-1977), Джоан Сазерленд (1926-2010), Монсеррат Кабалье, Тереза Стратас, сондай-ақ қазақстандық опера сахнасының жұлдыздары: Роза Жаманова (1928-2013), Бибігүл Төлегенова, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Жаннат Бақтай, Жәмила Баспақова және т.б.

Демеушілер:


 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Балет Завершено
Концерт Завершено
Концерт Завершено
Спорттық іс-шаралар Завершено
Спорттық іс-шаралар Завершено
Спорттық іс-шаралар Завершено

Бөлісу: