Кешенді бағдарлама

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Комплексная программа культурно-зрелищных мероприятий специализированной выставки ЭКСПО-2017

Дж. Пуччини «Баттерфляй Ханым» операсы

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Астана Опера» театры

Күні: 16 шілде

Уақыты: 18:00

Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут (1 үзіліс)

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

Белгілі италиян композиторы Дж.Пуччинидің «Баттерфляй ханым» операсы, Луиджи Иллик және Джузеппе Джакозаның либреттосы.

Қоюшы-дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев,қоюшы-режиссер – Лоренцо Амато (Италия).Сценограф – Эцио Фриджерио, костюмдер бойынша суреткер – Франка Скуарчапино(Италия), костьюмдер бойынша кеңес беруші Джунко Камохара(Япония),жарық бойынша суреткер – Винченцо Рапони (Италия).

Д.Беласко өңдеп, драмаға айналдырған «Баттерфляй ханым» операсы негізінде («Чио-Чио-сан»атты) америкалық жазушы Джон Л.Лонгтың новелласы жатыр. Лондондағы сапарында пьессаны көрген Пуччиниді шығарманың өмірлік шыншылдығы қатты толғандырады.Оның ұсынысымен либретистер Л. Иллика мен Д. Джакоза драманың негізінде опералық либретто жазады.Көп ұзамай музыка туады.1904 жылы 17 ақпанда Милан қаласында өткен операның алғашқы көрсетілімі сәтсіз өтіп репертуардан алынады.Жұрт шығарманың мазмұнын түсінбей 2-акттың тым ұзақтығына налы болады.

Пуччини операның кейбір жерлерін қысқартып екінші актты 2 дара дербес қимылға бөледі.Осы болмашы ғана өзгерістердің арқасында үш айдан кейін табысқа жеткізетін өнер көрсетіп,аз уақытта беделі мықты аса танымал заманауи опералардың біріне қосылып абырой-атақты йемденеді.

 
 

Бөлісу: