ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

М. Жарр «Париж Құдай Анасының соборы» балеті

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: «Астана Опера» театры

Дата: 22 тамыз

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 2 сағат (1 үзіліс)

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

Екі бөлімді балет 13 көріністен тұрады.

«Астана Опера» театры және «Ролан Петидың Балеты» (Франция) фонды бірлестігі.

Морис Жаррдың «Париж Құдай Анасының Соборы» балеті. Либреттоның авторы және балетмейстері Ролан Пети( Виктор Гюгоның аттас романы бойынша). Сценография авторы Рене Аллио, костюмдер авторы Ив Сен-Лоран. Хореографияны жаңғыртқан – Луиджи Бонино, көмекшісі – Джилиан Уитингам, Қоюшы-дирижер– Арман Оразғалиев.

Балеттің тұсаукесері 1965 жылы 11 желтоқсанда Париж Опера театрында өтті. 1844 жылы Жюль Перро В. Гюгоның романы бойынша «Эсмеральда» балетін қойды. Бірақ, Ролан Пети өз оқығанын бекіту үшін: «Орта ғасыр ұмытылып,көрермендерге Виктор Гюго шығармасының трагедиялық мәнінің айқындалғанын қалаймын»- деп, түпнұсқадағы атауына қайта оралды.

Оның спектаклінің орталығында сұлу-сыған қызы емес, Квазимодо тұр. Хареограф, бұл партияның алғашқы орындаушысы бола тұра бет ажарын бұзатын грим мен костьюмді қажет еткен жоқ – ол өз бүкірлігін би арқылы жеткізді. Сахна төрінде Квазимоданың Клод Фроллоға итке тән адалдығы мен күнәсіз Эсмеральданы құтқарып қалуды көздеген жанкешті әрекетінен және оның өлімі үшін есесін алуға дейінгі қайта туу шынайылықпен бейнеленген.

«Париж Құдай Анасының Соборы» балетінде классикалық бидің мінсіз сұлулығы заманауи икемділікке қанық өткір гротескпен қоюланады. Бұл бағалы трагедиялық спектакльде ауыр тұрмыс пен зұлмат қиял өз үйлесімін тапқан. ХIХ ғасырдың «Эсмеральдасында» оқиға соңы сәтті аяқталуы міндетті болса, қатал ХХ ғасырдың спектаклінде тірілер арасында тек жалғыз сорлы Квазимодо қалады.

Спектакльге арнап костьюм жасап шығарған атақты сәнгер Ив Сен-Лоран сәнге жасқана аяқ басқан қысқа белдемшені бас кейіпкерге кигізіп париж қаймақтарын аң-таң қылады. Ол ерлерді бас игізетін сұлу Эсмиральда дәл осындай ақшыл-күлгін көйлекте шығуы тиіс деген сенімде болды.

Бұл Ролан Петидің және оның қоюшы тобының жеңісі еді: «Париж Құдай Анасының Соборы» тұсаукесерден кейін көп ұзамай әлем хореографиясының классикасына айналды.

 
 

Также вас могут заинтересовать следующие события:

Спорттық іс-шаралар 29.07.2017
Спорттық іс-шаралар 09.09.2017
Спорттық іс-шаралар 27.08.2017
Спорттық іс-шаралар 16.08.2017
Спорттық іс-шаралар 11.08.2017
Концерт Open

Бөлісу: