ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

«Опера сахнасының королі» Пласидо Доминго «Астана Опера»театрына келеді 09.01.2017 09:52463

Бөлісу:

  • 53a8d

Ұлы опера әншісі әрі дирижер Пласидо Доминго негізін қалаған вокалшылардың дүние жүзіндегі ең беделді «Опералия» байқауы Қазақстанда алғаш рет өтеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2017 жылдың 24мен29 шілдесі аралығында «Астана Опера» сахнасында жүретін Опера өнерінің дүниежүзілікконкурсы, жиырма бесінші рет ұйымдастырылғалы тұр. 

- «Астана Опера» театрының өнер ұжымы «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай, есте қаларлық керемет шаралар бағдарламасын әзірледі. Солардың қатарында «Опералия» да бар. Маэстро Домингоның әлемдік опера өнеріне қосқан үлесінебаға жетпейді. Мұндай деңгейдегі тұлғамен бірге жұмыс жасау – біз үшін үлкен мақтаныш, - дейді «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров. 

«Опералия» байқауына 18 бен 32 жас аралығындағы кезкелген әнші (бас даусынан бастап, сопраноға дейін) қатыса алады. Астанаға дүние жүзініңтүкпір-түкпірінен 40 жуық дарынды вокалшылар келеді. Алдын-ала іріктеу электрондық өтініш бойынша 2016 жылдың желтоқсанынан бастап, 2017 жылдың ақпанына дейін жүреді. Байқау үш кезеңнен тұрады және маэстро Домингоның «Астана Опера» Симфониялық оркестрінежетекшілік етуімен өтетін жеңімпаздардың галаконцертімен аяқталады.

«Опера королі» және «қазіргі заманның көрнекті опера әртісі» атанып кеткенПласидо Доминго, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас әншілерге үнемі ерекше көңіл бөледі, себебі өнер жолының бастауында кездесетін қиыншылықты талай өз басынан кешірді.

- «Опералиядағы» менің міндетім үздік дауыстарды іріктеп қана қоймай, болашақта нағыз әртіс шығуы мүмкін деген ерекше, мінезді, актерлық шеберлігі бар әншілердің талантын ашу. Осындай жастарнағыз жұлдызға айналады, - дейді маэстро Доминго.

Жалпы жүлде қоры 180 000 АҚШ долларын құрайды. Ерлер мен әйелдер даусы арасында 1, 2 және 3 сыйлық иелерін марапаттаумен қатар, жүлделер қатарында Р.Вагнер және Р.Штраустың репертуарынан операны үздік орындаған үшін Б.Нильсонның сыйлығы, үздік орындалған сарсуэлалар үшін (испандық опереттаға жақын сахналық-музыкалық жанр) Пепита Эмбил де Доминго мен үлкен Пласидо Домингоның сыйлығы және көрермен көзайымыныңжүлдесі және т.б. бар. 

«Опералияның» вице-президенті Альваро Доминго делегациясымен бірге елордалық театрда болды. КішіДоминго мырза, «Астана Опера» театрында мұндай деңгейдегі байқауды өткізуге барлық жағдай жасалғанын атап өтті. 

атап өтті.

- Астанада болған сапарымыздың нәтижесіне өте ризамын. Жаңа, қазіргі заманға сай театр ең соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған: мұндағы репетиция, гримдеу залдары, оркестр шұңқыры, сахна, бәрі керемет. Оркестр мен хордың жоғары деңгейі, сондай-ақ, әр қызметкердің жұмысқа деген оң көзқарасы жағымды әсер қалдырды. Театр басшылығымен өткен кездесу екі жаққа да тиімді болды. Бірлескен еңбегіміз жемісін беріп, алдағы айлардажүзеге асыратын «Опералияның» бұл шығарылымы,бұған дейінгілерінен де сәтті өтеді деп үміттенемін, - деп қорытындылады Альваро Доминго. 

Алғаш рет әйгілі Гранд-опера сахнасында өткен конкурстың негізі 1993 жылы Парижде қаланғанын еске сала кетейік. Содан бері «Опералия» жыл сайын түрлі елдің ең әйгілі алаңдарында өткізіліп келеді. Олардың қатарында – аңызға айналған миландық Ла Скала, Лондондағы «Ковент-Гарден», Корольдік театр (Мадрид, Испания),Филармонико театры (Верона қ., Италия) және т.б. Өткен жылдары «Опералияда» жеңіске жетіп,асқақ өнерге жолдама алған әлемдік опера сахнасының бүгінгі жұлдыздары – Джойс Ди Донато, Роландо Виллазон, Эрвин Шротт, Соня Йончева, Нина Штемме, Хосе Кура, Джозеф Каллея, Инва Мула және басқалары. 

Пласидо Домингоның бүкіләлемдік опера әншілеріне арналған «Опералия» байқауын «Rolex» компаниясы ұсынады.

Байқаудың талабымен және жаңалығымен Опералия сайтында (www.operaliacompetition.org/) танысуға болады.

Смотреть все Новости

Обязательно прочитайте следующие новости: