ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Eurasia Sculpture Biennale Бірінші халықаралық мүсін өнерінің биенналесіне қатысу конкурсы жарияланды 19.05.2017 17:47224

Бөлісу:

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен EXPO-2017 мәдени бағдарламасының аясында 2017 жылдың 4 шілдесінен бастап 4 тамызы аралығында Астана қаласында өтетін Eurasia Sculpture Biennale бірінші халықаралық мүсін өнерінің биенналесіне қатысу конкурсы жарияланды. Бұл мәдени оқиғаның маңыздылығын асыра бағалау қиын: себебі, Қазақстан жаһандық биенналдық форумның картасында алғаш рет көрінгелі отыр.

Sims-new сайтынан алынған иллюстрацияSims-new

Мүсін өнері – фестивальдың тақырыбы ретінде таңдалғаны кездейсоқ емес. Мүсін өнері ғана, кең мағынада бағыттардың әр алуандығы мен дәстүрлі және заманауи өнердің өзара байланысын елестетуге мүмкіндік бере алады.

Биенналенің зерттеу тақырыбы - “InterConnections: The Art of Dialogue/Өзара байланыс: диалог өнері” - мәдениет дамуының әр түрлі бағыттары мен үрдістері арасындағы диалог. Биеннале алаңындағы кездесуге қалыптасқан суретшілермен қатар, өнердің дамуына өзара байланыс пен жанрлар диалогы, ұрпақ сабақтастығы, медиа маңызды деп санайтын жаңадан бастаушы суретшілер де шақырылады. Авторларға берілген тақырыпты түсіндіруге еркіндік беріледі. Басты талап – позитивті авторлық көзқарас және ұсынылатын шығармалардың көркемдік деңгейі жоғары болуы шарт. Ұсынылған туындылар бұрын экспозицияланған болуы мүмкін.

Байқауға қазақстандық және шетелдік мүсіншілер, сондай-ақ, белгілі бір автордың шығармашылығын көрсететін галереялар қатыса алады. Өтінім беру мерзімі: 2017 жылдың 31 мамырына дейін.

Толық ақпаратты және өтінім үлгісін сілтеме арқылы көре аласыздар:http://expo2017culture.kz/ru/event/view?id=118

Смотреть все Новости

Обязательно прочитайте следующие новости: