ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Астана Димаш Құдайбергеновты қуана қарсы алды 19.05.2017 18:00224

Бөлісу:

«Қазақстан» орталық концерт залында Қытайдың «I am singer» байқауына қатысып, дүниежүзін мойындатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновты құттықтау концерты ұйымдастырылды. Димаштың елге қайтуын туыстары мен жақындары ғана емес, сонымен бірге асырусыз, бүкіл де ел де тағатсыздана күтті.

Кеш басталар алдында Димаш «Қазақстан» ОКЗ алдында жайылған қызыл кілеммен жүріп өтті. Полиция қызметкерлері жұлдызға қол тигізіп, онымен бірге селфи жасауға ұмтылған астаналықтарды зорға тежеп тұрды.

Димашпен бірге Қазақстанға оның ата-анасы, және де әжесі мен атасы шақырылды. Қазақы дәстүрге сай Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың әжесі мен атасының йығына шапан жапты. «Қазақ Ұлттық өнер университетінің» ректоры Айман Мұсаходжаева Димашты зор жеңісімен құттықтап, құнды сыйлық табыстады.

Димаштың орындаған бірнеше әнін көрермендер ыстық қарсы алды. Алда Димаштың 30 мың орындық «Астана Аренада» өтетін концертіне дайындық күтілуде. Бұл шоу бұдан да қызықты болары анық.

expo2017culture.kz редакциясы Димаш Құдайбергеновқа арналған кештің фотоларын ұсынады.

ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени өмірінің барлық оқиғаларынан хабардар болғыңыз келсе - біздің Facebook және Instagram желілеріндегі аккаунтымызға жазылыңыздар.

Смотреть все Новости

Обязательно прочитайте следующие новости: