ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

Әлемнің сегізінші кереметі Астанада 22.06.2017 14:30482

Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында 40 жуық елде болған «Цинь Шихуандидің терракота әскері» көрмесі ашылды. Қазақстанда Орталық Азиядағыдай экспозиция бірінші рет көрсетілгелі отыр.

1974 жылы Сиан қаласында император Цинь Шихуандидің мавзолейінде қытайдың терракота әскерінің толық өлшемді 8099 мүсіні жылқыларымен бірге табылды. Жауынгерлердің пішіні әр қайсысы жеке жасалған, әрбірінің дара бет-әлпеті бар. Зерттеушілер мүсіндердің билеуші бұйрығы бойынша біздің заманымызға дейінгі 210-209 жылдары жасалғанын анықтаған. «Терракота әскері» Юнесконың Дүниежүзі мұрасы тізіміне енген және әлемнің жетінші ғаламаты аталады.

Шэньси Чжао Рунг шет аймақтың мәдени ескерткіштер басқармасының директоры:

- «Цинь Шихуандидің терракота әскері» Орталық Азияға бірінші рет жеткізілді. Астанада ЭКСПО өтуде, соның аясында біз өз мәдениетімізді ұсынғымыз келеді. Цинь династиясының билік еткен уақыты – Қытай империясында экономика, мәдениет, басқа елдермен қарым-қатынас белсенді дамыған кезең. Сондықтан, қазақстандықтар Қытайдың мұрасы мен мәдениеті туралы білуі үшін біз өз тарихымызды Цинь Шихуандидің терракота әскері арқылы айтқымыз келеді. ҚР Мәдениет және спорт министрінің бастамасымен ойдағымыз орындалып, біз осындамыз!

Галина Бакум, Днепропетровск қ., Украина:

- Қытайда терракота әскерін көргісі келетіндер үлкен кезекте тұратынын естідім. Кешеннің өзі үш мұражай мен қазба жұмыстары жалғасып жатқан үш павильоннан тұрады. Терракота әскері жасалған техника мен шеберлік қытай көркемөнерінің біздің заманымызға дейінгі үшінші ғасырда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді. Қазіргі уақытта ғалымдар қазба жұмыстары жүріп жатқан орындарда ғаламат жаңалықтар ашуда. Сол себептен, аяғына дейін сыры ашылмаған тарихты білу – оны жаңадан ашумен тең! ЭКСПО-2017 бізге осы мүмкіндікті сыйлағанына қуаныштымын, өйткені, Астана қазір бүкіл әлемнің мәдениет орталығына айналды! Және атап өткім келгені, Мәдениет және спорт министрлігі дайындаған мәдени бағдарлама көрменің мақсатын лайықты көрсетеді – бұл бір мақсат үшін шекараларды өшіру, яғни болашақ үшін.

Валентин Смирнов, Қостанай қаласы, технология мен дизайн Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің аспиранты:

Өзімнің демалысымды мен алдын ала жоспарлағанмын. Достарымызбен бірге ЭКСПО-2017 көрмесіне барамыз деп шештік, алдын ала мәдени бағдарламамен таныстық. Осы үшін біз әдетте шетелге барамыз, енді бізде де мұны көруге болады! Құрметті қазақстандықтар, жағдайды пайдаланып қалыңыздар!

Смотреть все Новости

Обязательно прочитайте следующие новости: