Кешенді бағдарлама

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы

KZ RU EN

Көрменің басталуына дейін

Комплексная программа культурно-зрелищных мероприятий специализированной выставки ЭКСПО-2017

«Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені

«Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені – «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында құрылған мәдени-туристік және имидждік бірегей жоба болып табылады.«Этноауыл» - бұл байырғы заманға саяхаттап, өзін көшпенділер бейнесінде сезініп, өткен жүзжылдықтардың оқиғасын басынан өткеруге жағдай туғызатын нағыз мүмкіндік. Ұлттық-мәдени кешенге келушілер қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен және дәстүрімен таныса алады, қалаған жан көшпенділер өркениетінің этномәдени ортасына тап болып, ауылдың күнделікті және мерекелі өмірімен барынша ләзаттанады.Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнері фестивалі, сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік мектептері, қолөнер және көркемөнер көрмелері, этникалық музыка фестивалі, атты-спорт шаралары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және тағы да басқа шаралар өтеді.Этноауыл «Казанат» ипподромының 2500 шаршы метр аумағында орналасып, 40 дәстүрлі киіз үйден және түрлі бағыттағы 8 сектордан тұратын бірегей этникалық кешен болып табылады