ЭКСПО-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНІҢ МӘДЕНИ ОЙЫН-САУЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Комплексная программа

Культурно-зрелищных и спортивных мероприятий
специализированной выставки ЭКСПО-2017

«Әскери өнер және дәстүрлі аңшылық түрлері» секторы

Промо ролик:

 

Өтетін орыны: Ипподром «Казанат»

Билеттерді сатып алу

Сипаттама:

«Әскери өнер және дәстүрлі аңшыллық түрлері» секторы

Ежелден Қазақстанда жігіттердің жүрек жұтқан батырлығын, ат үстіндегі ептілігі мен икемділігін және шабандоздықтарын құрметтеген.Батырлар жекпе-жегі жауынгердің батылдығы мен күші, қару-жарақты меңгерген шеберлігімен ерекшеленеді. Этноауылдың бұл секторында қонақ қазақтың әрбір батыры білуге тиіс көшпенділердің байырғы жауынгерлік өнері - «Бес қару», қарудың бес түрін меңгеру әдісімен танысып, «Жекпе-жек», «Аударыспақ» сияқты қазақтың қоян-қолтық ұрыстарының негіздеріне, сондай-ақ, садақ ату, қылыштасу әдістерін тәжірибе жүзінде сынап көреді. Сондай-ақ, «Этноауыл» аумағында қонақтар қазақ халқының тұрмысындағы ажырамас бөлшегі саналатын дәстүрлі аңшылық түрлерімен де таныса алады. Аңшылық байырғы заманнан көшпенділер өмірінде маңызды орын алады, аңшылықпен айналысатын әулеттер бұл өнердің сырын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Бұл секторда иттің «тазы», «төбет» сияқты ұлттық аңшылық түрлері, «бүркіт», «сұңқар» секілді аңшы құстар көрсетілетін тәлімбақтар орналасады.

 
 

Поделиться: